«Электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 396/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және электрондық үкіметтің «ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13263 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі бекітілсін.»;
«Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіліп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.