«Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 587 Қаулысы

Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 587 Қаулысы

 

Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 20 қаңтардағы № 23 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26597 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1 және 2-қосымшалары осы қаулының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

Қ. Ақсақалов

 

Қостанай облысы әкімдігінің

2023 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 587 қаулысына

1-қосымша

 

Қостанай облысы әкімдігінің

2022 жылғы 20 қаңтардағы

№ 23 қаулысына

1-қосымша

 

 

Қостанай облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.