Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2018.05.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
1) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің (бұдан әрі - Ереже) 15-тармағының 3) тармақшасын;
2) Ереженің 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.