Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тiзбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 Қаулысы
(2021.13.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2026 жылғы 19 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 74-бабының 1-тармағына, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.