Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 66 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) бекітілсін.
2. Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша) және өзге ұйымдар (келісу бойынша):
1) Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;
2) «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде Тұжырымдаманың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Ә. Смайылов |
Үкіметінің
2024 жылғы 5 ақпандағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған
тұжырымдамасы
1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
2-бөлім. Ағымдағы жағдайды талдау
3-бөлім. Халықаралық тәжірибеге шолу
4-бөлім. Су саласын дамытудың пайымы
5-бөлім. Су саласын дамытудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері
6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
1-бөлім. Паспорт (негізгі параметрлер)
| Атауы | Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы |