«Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 434 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 11 сәуірдегі № 160 шешімі
Қызылорда облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы № 228 шешімімен күші жойылды
Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 434 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7504 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | М. Тлеумбетов |
Қызылорда облыстық мәслихатының
2025 жылғы 11 сәуірдегі
№ 160 шешіміне қосымша
Қызылорда облыстық мәслихатының
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 434 шешіміне қосымша
Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының
тізбесі
1. Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарыздарын пайдалана отырып, азаматтардың тұрғын үйді меншігіне алу құқығын іске асыру үшін қарыз сомасының 10%, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.
2. Қызылорда облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылардың санаттарына мыналар жатады:
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);