(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) МҰНАЙМЕН ЛАСТАНУДАН БОЛАТЫН ЗАЛАЛ ҮШІН АЗАМАТТЫҚ ЖАУ...

Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 ж. 17 шілдедегі № 251-І бұйрығы

(2011.18.03. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2018 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халықаралық теңiз ұйымының (ИМО) қамқорымен қабылданған халықаралық конвенцияларға және ИМО туралы конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 4 наурыздағы № 244 қаулысының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасындағы кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесi бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Көлiктiк бақылау комитетi (М.Т.Бейсембаев) белгiленген тәртiппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігімен келiссiн және мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Қ.Қ.Жақұповқа жүктелсiн.

4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Министр

Нағманов К.И.

«Келісілген»

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар

және қоршаған ортаны қорғау министрі

2002 жылғы «___»_______ № ____

 

Қазақстан Республикасы Көлiк және

коммуникациялар министрінің

2002 жылғы 17 шілдедегі

№ 251-І бұйрығымен бекітілген

 

 

Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершілiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен

қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру туралы

ереже

 

 

1. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.