Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 18 қарашадағы № 397 бұйрығы
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.