«Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығы (2025.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығы

(2025.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 8-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары -

Қаржы министрі

2023 жылғы 27 маусымдағы

№ 707 бұйрықпен

бекітілген

 

 

Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.