«Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2026 жылғы 19 мамырдағы № 196 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 24 қазандағы № 732 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9922 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының мазмұны мен көлемі жөніндегі нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Атом станциясындағы жобадан тыс авария кезіндегі радиоактивті ластану аймақтарының мөлшері «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік. Атом станциясында жобадан тыс авария болған кезде радиациялық ахуалды бағалау әдістемесі» 4017-2025 Қазақстан Республикасы ұлттық стандартының талаптарына сәйкес айқындалады.»;
81-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: