Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының тергеу, анықтау бөліністерінің және әскери-тергеу бөліністерінің қызметін жетілдіру бойынша шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 220 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тергеу, анықтау бөліністерін және әскери-тергеу бөліністерін ұйымдастыру бойынша қызметті жетілдіру мақсатында, «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ішкі істер органдарының құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша алдын ала тергеуді мен анықтауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Әскери-тергеу бөліністерінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті (М.С. Әміров) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Р.Т. Жақыповқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментіне (М.С. Әміров) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.