«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінін 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 183-н/қ бұйрығы

«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінін 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 183-н/қ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрі міндетін аткарушының 2016 жылғы 27 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14155 болып тіркелген) Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын қалыптастыру қағидаларының 7-1-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 68 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті осы бұйрықты 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бакылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Е. Ақкенженов

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

міндетін аткарушының

2025 жылғы 29 сәуірдегі

№ 183-н/қ бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Энергетика министрінің

2017 жылғы 24 ақпандағы

№ 68 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді орналастыру

 жоспары

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.