«Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 269 бұйрығы

«Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 269 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрыққа 1-1-қосымша алып тасталсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдама беру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Жолдама беру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.»;

5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) аңшылық шаруашылығы субъектісінің дербес деректерін жинау және өңдеу, сондай-ақ оларға «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес қол жетімділігін;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жеке тұлғаларына олардың өтініші бойынша (ауызша немесе жазбаша) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарға бару үшін беріледі.

Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде қағаз немесе электрондық нысанда жеке тұлғаларға олардың өтініші бойынша ауызша, сондай-ақ жануарлар дүниесін алып қою мақсатында бекітілген аңшылық шаруашылықтарына бару үшін қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.