Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнаманың құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін оңайлатылған түрде дайындау мен қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қыркүйектегі № 858 Қаулысы
«Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 27-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнаманың құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін оңайлатылған түрде дайындау мен қабылдау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Үкіметінің
2026 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 858 қаулысымен
бекітілген
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы заңнаманың құрамына кіретін Қазақстан Республикасының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін оңайлатылған түрде дайындау мен қабылдау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер