ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
машина жасауды дамыту және көлік мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
1) 97-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстандық тауар өндірушілер тізілімін құруды (әзірлеуді), дамытуды, сүйемелдеуді, оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді, киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық және консультациялық сүйемелдеуді мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор жүзеге асырады.»;
2) 105-баптың 1-тармағының 8-3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-3) өнеркәсіптік кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;»;
3) 283-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «ескеріле отырып» деген сөздерден кейін «, ал өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері үшін «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қалыптастырылатын өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау да ескеріле отырып» деген сөздермен толықтырылсын.
2. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:
1) 386-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы:
«сәйкес» деген сөзден кейін «кәдеге жарату төлеміне» деген сөздермен толықтырылсын;
«шотына» деген сөзден кейін «берілген өтінім негізінде» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
бірінші сөйлемдегі «Осы баптың» деген сөздер «Егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, осы баптың» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің 388-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторымен шарт жасасқан өндірушілердің кәдеге жарату төлемін енгізу жөніндегі міндеттемелері қарсы талаптар болған кезде есепке жатқызу арқылы тоқтатылады.»;
2) 389-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) артық және (немесе) қате төленген сомалар фактілері расталған жағдайда, артық және (немесе) қате төленген сомаларды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы белгілеген тәртіппен өндірушілердің (импорттаушылардың) жолданымдары алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өндірушілердің (импорттаушылардың) жолданымдары негізінде қайтару.
Кәдеге жарату төлемінің барлық асып кеткен сомасы қайтарылуға тиіс;»;
3) 2-қосымшаның 2-бөлімі мынадай мазмұндағы 7.19-тармақпен толықтырылсын:
«7.19. катафорез технологиясы бойынша лак-бояу материалдарын жағу.».
3. «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-2-баппен толықтырылсын:
«2-2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы көлігінің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық қызметінің негіздерін айқындау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік саясатты қалыптастыру мен жүргізу;
2) экономика мен халықтың тасымалдарға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарына және олармен байланысты көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
3) көлік саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) тасымалдаудың бүкіл кезеңінде жүктердің, багаждың және пошта жөнелтілімдерінің сақталуы;
5) Қазақстан Республикасының көлік кешенінің жұмысын үйлестіру және қызметін мемлекеттік реттеу функцияларын жүзеге асыру;
6) қатынас жолдарын техникалық жабуды ұйымдастыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) тасымалдардың қауіпсіздігі және техникалық талаптар мен пайдалану талаптарының сақталуы;
4) көлік қатынастарына барлық қатысушының теңдігі;
5) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.»;
3) 6-баптың екінші бөлігі алып тасталсын.
4-тармақ 2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
4. «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-бапта:
екінші абзац «қызметтің түрі» деген сөздерден кейін «(жеке тұлғалар лизинг алушылар болып саналатын жағдайларды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі лизинг төлемдерінің ағымдағы (дисконтталған) құны берілетін лизинг нысанасы құнының тоқсан пайызынан асады.
Жеке тұлғалармен лизингті және лизинг мәмілелерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді;»;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жеке тұлғаларға арналған лизинг - инвестициялық қызметпен байланысты емес қаржы лизингінің бір түрі, бұл ретте лизинг алушы болып лизинг нысанасын жеке пайдалану немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін сатып алатын жеке тұлға әрекет етеді.»;
3) 4-бапта:
1-тармақтағы «Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар», «заттар -» деген сөздер тиісінше «Ғимараттар, құрылысжайлар, машиналар, жабдық, мүкәммал,», «заттар» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес көлік құралының типін мақұлдау негізінде айналымға шығарылатын, оның ішінде бұрын жасалған лизинг шарттары бойынша лизинг нысанасы болып саналатын M1, N1 санатындағы автокөлік құралдары ғана жеке тұлғалармен жасалатын лизинг шарттары бойынша лизинг нысанасы бола алады. Көлік құралының типін мақұлдау туралы мәліметтер көлік құралының электрондық паспортында және мүдделі тұлға алатын, жеке тұлғаға лизингке беруге болжанатын көлік құралының электрондық паспортынан үзінді көшірмеде міндетті түрде көрсетілуге тиіс.»;
4) мынадай мазмұндағы 2-2-тараумен толықтырылсын:
«2-2-тарау. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беру ерекшеліктері
24-5-бап. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беру шарттары
1. Лизинг шарты бойынша жеке тұлғаларға арналған лизинг нысанасын беру мынадай талаптарға сәйкес келуге тиіс:
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг алушыға лизинг нысанасын тіркеп-белгіленген бағамен сатып алуға құқық беру лизинг шартында айқындалған;
2) лизинг мерзімі сексен төрт айдан аспайды;
3) айыппұлдар және (немесе) өсімпұлдар мөлшері мерзімі өткен берешек сомасының он пайызынан аспайды.
Лизинг шарты бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің және осы бапта көзделмеген өзге де төлемдердің мөлшері өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.
24-6-бап. Жеке тұлғаларға арналған лизингті беретін лизинг берушілерге қойылатын талаптар
Осы Заңның 4-бабының 5-тармағында көрсетілген автокөлік құралдарының лизингін мынадай талаптарға сәйкес келетін:
1) жарғылық және (немесе) меншікті капиталының ең төмен мөлшері кемінде бір жүз миллион теңгені құрайтын;
2) басшысының алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы жоқ, ол банкрот деп танылмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басшы лауазымдарды атқару құқығы шектелмеген заңды тұлға ғана бере алады.»;
5) 25-баптың 1-тармағы «қызметіне» деген сөзден кейін «, жеке тұлғаларға арналған лизингті берумен байланысты лизинг қызметін қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын.
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:
«4-7) мемлекеттік инвестициялар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді салу кезінде Қазақстанда шығарылған материалдарды, жабдықты, бұйымдар мен конструкцияларды қолдану бойынша талаптардың сақталуын мониторингтеу жөніндегі комиссиялар құру;»;
2) 27-баптың 1-тармағының 35) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«35) өнеркәсіптік кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;».
6. «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-баппен толықтырылсын:
«2-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, мемлекет пен автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделері үшін оларды салудың, пайдаланудың және дамытудың реттеушілік, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындау.
2. Заңның негізгі міндеттері:
1) автомобиль жолдарында көліктік инфрақұрылымды дамыту;
2) бірыңғай техникалық нормалар мен стандарттар негізінде автомобиль жолдарының желісін қалыптастыру;
3) автомобиль жолдарының сақталуы мен дамуын қамтамасыз ету, олардың техникалық жай-күйін жақсарту;
4) жол қызметі саласында перспективалы технологияларды ендіруге, сондай-ақ ұлттық стандарттарды қолдануға жәрдемдесу.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) автомобиль жолдарының сапасы мен сақталуын арттыру;
2) автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
3) жол қызметі саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру.»;
3) 12-баптың 2-тармағында:
3), 7), 7-2), 8), 10), 23), 26) және 35) тармақшалар алып тасталсын;
43) тармақшадағы «ұйымдастыру жатады.» деген сөздер «ұйымдастыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
«44) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;».
7. «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты - жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдауды жүзеге асыру кезінде тасымалдаушылар, тасымалдау процесіне қатысушылар, мемлекеттік органдар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ теміржол инфрақұрылымының және теміржол көлігін басқару жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) тасымалдау процесінің үздіксіздігі мен іркіліссіздігін қамтамасыз ету;
2) теміржол көлігінде жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;
3) теміржол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;
4) теміржол көлігінің магистральдық теміржол желісін және жылжымалы құрамын дамыту;
5) теміржол көлігі саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
6) теміржол көлігімен теміржол тасымалын, оның ішінде транзиттік және халықаралық тасымалдарды дамыту;
7) теміржол көлігін жұмылдыру дайындығында ұстап тұру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) Қазақстан Республикасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық кеңістігін сақтау және нығайту;
2) Қазақстан Республикасының бірыңғай көлік жүйесінің жұмыс істеуінің келісімділігі;
3) теміржол көлігі инфрақұрылымының тұтастығын және іркіліссіз жұмыс істеуін сақтау;
4) теміржол көлігінде кәсіпкерлікті дамыту және оған инвестициялар тарту үшін жағдай жасау;
5) адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін теміржол көлігінің және оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) көлік нарығының барлық субъектісінің теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтерін ұсынуға және алуға қол жеткізуі;
7) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қорғау.»;
3) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Теміржол тасымалдарын, оның ішінде халықаралық тасымалдарды жоспарлау, ұйымдастыру және орындау теміржол көлігінің көрсетілетін қызметтеріне тең қолжетімділік қамтамасыз етіле отырып және шектеулерге жол берілмей, бәсекелестік негізінде жүзеге асырылады.»;
4) 14-баптың 2-тармағында:
6), 9), 12), 13), 14), 18), 26), 28), 29), 34-3), 34-4), 34-9), 34-24) және 34-31) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 34-45) тармақшамен толықтырылсын:
«34-45) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теміржол көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;»;
35) тармақшадағы «орындау» деген сөз «жүзеге асыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 24-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
6) 30-баптың 2-1-тармағының бірінші бөлігіндегі «және оның аумақтық бөлімшелеріне» деген сөздер алып тасталсын;
7) 32-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
8) 66-1-баптың 6-тармағы «жөнелтілгеннен кейін» деген сөздерден кейін «және оны қалыптастыру пункттерінде» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 88-7-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің өкілдері,» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты - мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және халықаралық негіздерін, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік реттеуді іске асыру тетіктерін айқындау.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) теңізде жүзу қауіпсіздігін және теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ету;
2) жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау кезінде, сондай-ақ кемелерді сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарында пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;
3) теңіз порттарына, теңіз терминалдарына қатысты мәселелер бойынша қоғамдық қатынастарды реттеу;
4) теңіз порттарында және теңіз көлігінде мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
5) Каспий теңізінде жүзетін шағын көлемді кемелерді пайдалану кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу;
6) сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, оның ішінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) кеме қатынасы қауіпсіздігінің, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты қорғаудың және экологиялық қауіпсіздіктің басымдығы;
2) ішкі су көлігінде жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;
3) көрсетілетін қызметтерді тұтынушының тасымалдаушыны таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге баға еркіндігін қамтамасыз ету.»;
3) 4-баптың 3-тармағында:
12) және 17) тармақшалар алып тасталсын;
19) тармақшадағы «уәкілетті орган бекіткен Қағидаларға сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
26), 40-1), 41), 42), 43), 46), 54), 55-6), 55-10), 55-16), 55-24) және 55-45) тармақшалар алып тасталсын;
4) 8-3-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелер, порттар, жағалау объектілері мен сауда мақсатында теңізде жүзу процесімен байланысты теңіздегі құрылысжайлар қауіптілігі жоғары аймақтар болып саналады және Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
2-тармақтағы «құрылыстарды», «сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері» деген сөздер тиісінше «құрылысжайларды», «Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 8-4-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Навигациялық орталықпен радиобайланыс орнату кезінде кеме Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және олардың кіреберістерінде кемелердің жүзу және тұрақта тұру қағидаларында көзделген мәліметтерді хабарлайды.»;
9-тармақ «заңнамасына» деген сөзден кейін «және теңіз портының міндетті көрсететін қызметтері үшін бағаларды (тарифтерді) қолдану қағидаларына» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 44-1-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері,» деген сөздер алып тасталсын;
7) 79-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «осы Заңның 81-бабы 1-тармағының 3) - 8) тармақшаларында көрсетілген» деген сөздер «жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларында көзделген» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 81-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Коносаментке жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау қағидаларында көзделген деректер енгізілуге тиіс.»;
9) 110-баптағы «Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен Тасымалдау» деген сөздер «Жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаттары - мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындау, сондай-ақ автомобиль көлігі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) экономиканың және халықтың автомобиль тасымалдарына және өзге де жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;
2) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғау;
3) халықаралық автомобиль тасымалдары нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдай жасау;
4) автомобиль тасымалдарының ішкі нарығын қорғау;
5) автомобиль көлігінің инфрақұрылымын дамыту;
6) автомобиль көлігі саласында өзін-өзі реттеуді дамыту.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) заңдылық;
2) клиенттердің қажеттіліктеріне бағдарлану;
3) автомобиль көлігі саласындағы қауіпсіздік, техникалық талаптар мен пайдалану талаптарының сақталуы;
4) көлік қатынастарына барлық қатысушының теңдігі;
5) жаһандық көлік-логистика жүйесіне кірігу.»;
3) 11-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасындағы «уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде» деген сөздер «уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-бапта:
1-1), 6), 9), 12), 17-1), 17-2), 23-1), 23-3), 23-13) және 23-21) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-23) тармақшамен толықтырылсын:
«23-23) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;»;
5) 15-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
3-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6) 41-1-баптағы «уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде» деген сөздер «уәкілетті органда» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) кіріспе алып тасталсын;
2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Осы Заңның негізгі мақсаты, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның негізгі мақсаты - кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу.
2. Осы Заңның негізгі міндеттері:
1) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу;
2) ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;
3) порттар мен айлақтарға, ішкі су жолдары мен кеме қатынайтын гидротехникалық құрылысжайларға (шлюздерге) қатысты мәселелер бойынша қоғамдық қатынастарды реттеу;
4) барлық мемлекеттік органның өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді көздейтін ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру.
3. Осы Заңның негізгі қағидаттары:
1) кеме қатынасы қауіпсіздігінің, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты қорғаудың және экологиялық қауіпсіздіктің басымдығы;
2) ішкі су көлігінде жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдігі;
3) көрсетілетін қызметтерді тұтынушының тасымалдаушыны таңдау еркіндігін қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге баға еркіндігін қамтамасыз ету.»;
3) 7-баптың 3-тармағының төртінші бөлігіндегі «уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 7-1-бапта:
1-тармақтағы «аумақтық бөлімшелердің» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
«Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
10-тармақтың екінші бөлігіндегі «уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
14-тармақтың 3) тармақшасында:
«аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер алып тасталсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) 9-бапта:
тақырыптағы «және оның аумақтық бөлімшелерінің» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақта:
4) , 4-1) және 8) тармақшалар алып тасталсын;
11-1) тармақшадағы «уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес» деген сөздер алып тасталсын;
16) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) осы Заңның мақсаты мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі су көлігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;»;
26-8), 26-10), 26-13), 26-14), 26-18), 26-25) және 26-27) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 26-34), 26-35), 26-36), 26-37), 26-38), 26-39), 26-40), 26-41), 26-42), 26-43), 26-44) және 26-45) тармақшалармен толықтырылсын:
«26-34) кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілері мен ішкі су жолдарында орналасқан құрылысжайларды қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуіне қарап тексеруді жүргізу;
26-35) кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді, оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, тиісті кеме құжаттарын беру;
26-36) кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келмейтін кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін ұстау;
26-37) кеме қатынасы қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, жүктердің сақталуына қатер төнген кезде кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің қозғалысын тоқтата тұру және оған тыйым салу;
26-38) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы қатысушысы болып саналатын халықаралық шарттар талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
26-39) ішкі су жолдарының жай-күйін қадағалау;
26-40) ішкі су жолдарымен кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды жүзеге асыру;
26-41) жеке және заңды тұлғалардың ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын сақтауын мемлекеттік бақылау және қадағалау;
26-42) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге тиісті кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру;
26-43) кемелердің командалық құрамының адамдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркелуге тиісті кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларына сәйкес жүргізілетін аттестаттау;
26-44) Қазақстан Республикасының ішкі су көлігі туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығару;
26-45) уәкілетті органды көлік оқиғасы туралы құлақтандыру, кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу үшін қажетті ақпарат пен дәлелдемелерді жинау;»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аумақтық бөлімшелері бар ведомство өз қызметін уәкілетті орган белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады.»;
6) 15-бапта:
4-1-тармақтың екінші бөлігіндегі «аумақтық бөлімшемен» деген сөздер «уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «аумақтық бөлімшелерді» деген сөздер «уәкілетті органды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы «Аумақтық бөлімшелер» деген сөздер «Уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-баптың бірінші абзацындағы «аумақтық бөлімшелер» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;