ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025.04.03. № 90 бұйрығымен стандарт жаңа редакцияда (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Осы стандартқа өзгерістер енгізу туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026 жылғы 4 мамырдағы № 225 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 2 бұйрығына 1-қосымша
Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты
(2026.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2025.22.04. № 200 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 10 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖМС) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Ереже).
МЖМС меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ), оның ішінде әскери арнаулы оқу орындарында (бұдан әрі - ӘАОО) оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, білім мазмұнына, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне және оқу мерзімі қойылатын талаптарды айқындайды.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2026.04.05. № 225 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. МЖМС-да мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) ӘАОО-дағы біліктілік сипаттамалары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс саласында және тиісті лауазымда кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыру үшін қажетті білім, іскерлік және дағдылар;