«Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 916 бұйрығы
БҰЫЙРАМЫН:
1. «Халықты тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 677 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35045 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықты тіркеу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйдің меншік иесiнiң/иелерінің (жалға берушінің) жазбаша берген келiсiмiмен не электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық нысанда жүзеге асырылады.
Тіркеуге меншік иесінің (жалға алушының) меншік құқығын растау үшін уәкілетті орган мекенжайдың тіркеу коды (МТК) бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үйге меншік құқығы пайда болуының негіздерін растайтын меншік иесі туралы мәліметті ақпараттық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркеу тұрғын үйлерде, пәтерлерде, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтерінің саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторийлерде, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерінде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ адамдар тұру (болу) үшін пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады.