«Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 1294 Қаулысы
(2015.17.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақэнергиясараптама» акционерлік қоғамы «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Қоғам жарғысына тиісті өзгерістер мен толықтыруларды бекітуге ұсынуды:
2) Әділет органдарында Қоғамның мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Қоғамның мемлекеттік акциялар пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.