Республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағын кішірейту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 желтоқсандағы № 1029 Қаулысы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жусандала мемлекеттік қорық аймағының аумағы 30 гектарға кішірейтілсін.
2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: