«Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 38 Қаулысы (қолданысқа енген жоқ)

Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 38 Қаулысы

 

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-3-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-5-бабы 3-тармағына, «Коллекторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қоса беріліп отырған Микроқаржылық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның және коллекторлық қызмет саласында өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Қаржы нарығын реттеу және дамыту

Агенттігінің Төрағасы

 

 

М. Абылкасымова

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы нарығын

реттеу және дамыту

Агенттігінің Басқармасының

2026 жылғы 31 наурыздағы

№ 38 қаулысымен

бекітілді

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.