Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 126 бұйрығы
(2024.24.06. берілген өзгерістермен)
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) құрамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменті Қоғамдық кеңестің құрамын Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
| Министр | М. Қарабаев |
ҚР Көлік министрінің 2024.24.06. № 219 бұйрығымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
2023 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 126 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қоғамдық кеңесінің құрамы
| Мұкаев Ерболат Рахметұлы | - | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің аппарат басшысы; |
| Әміржанова Әлия Қалиақперқызы | - | Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаментінің директоры; |