«Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 395 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15903 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларында:
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Субсидиялар энергия өндіруші ұйымдар өтінім берген отын түрі мен көлемі бойынша деректерді негізге ала отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
C – бөлінетін субсидияның сомасы (теңге);
Vқс – қажетті субсидия көлемі (теңге);
N – өткен күнтізбелік жыл үшін дебиторлық берешекті жинау тиімділігінің коэффициенті (%).
Қажетті субсидия көлемі (Vқс) мынадай формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
Vо – отын көлемі (тонна немесе м3);
Со – есептік жылға отын құны (теңге).