Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы
Осы редакция 2020 жылғы 7 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің мынадай үлгілік қағидалары олардың оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру нысанына сәйкес:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы бөбекжай қызметінің үлгілік қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы балабақша қызметінің үлгілік қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы мектеп қызметінің үлгілік қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес арнайы мектеп-интернат қызметінің үлгілік қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес арнайы кешен «балабақша-мектеп-интернат» қызметінің үлгілік қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес арнайы кешен «мектеп-интернат-колледж» қызметінің үлгілік қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар қызметiнің үлгілік қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес оңалту орталығы қызметінің үлгілік қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Ресбуликасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 258 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8629 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қыркүйектегі «Казахстанская правда» № 282 (27556) газетінде жарияланған.