«Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 268 бұйрығы (2026.01.07. берілген өзгерістермен)

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 268 бұйрығы

(2026.01.07. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Құрылыс Кодексі 24-бабының 74) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындының нысаны;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындының нысаны;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сәйкестік туралы декларацияның нысаны;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрі

 

Е. Нагаспаев

 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

2026 жылғы 29 мамырдағы

№ 268 бұйрығына 1-қосымша

 

нысан

 

 

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытынды

 

20 жылғы»____»___________

 

Техникалық қадағалау ___________________________________________

____________________________________________________________________

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.