«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған білім беруді дамыту жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 489 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған білім беруді дамыту жөніндегі жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 489 бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған білім беруді дамыту жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 1-ші күніне дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаментіне Жол картасының іске асырылуы туралы есеп берсін.

3. Стратегия департаменті тоқсан сайын мониторинг жүргізіп, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-ші күніне дейін Жол картасының орындалу барысы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министріне енгізсін.

4. Стратегия департаменті осы бұйрықты үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің және ведомстволық бағынысты ұйымдарының назарына жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Ш.Т. Кариноваға жүктеймін.

6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

А. Аймағамбетов

 

Қазақстан Республикасы

Оқу-ағарту министрінің

2022 жылғы 7 желтоқсандағы

№ 489 бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ

 

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған білім беруді дамыту

жөніндегі жол картасы

 

№ п/п

Бастаманың атауы

Орындау мерзімі

Аяқтау нысаны

Күтілетін әсер

Жауапты орындаушы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ОҚЫТУ

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.