«Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 993 Қаулысы

Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидаларын, салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 993 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Салық кодексі 34-бабының 4 және 7-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттілігінің негіздемесін жіберу қағидалары;

2) салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарына қол жеткізу өлшемшарттары мен оларды белгілеу тәртібі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2025 жылғы 21 қарашадағы

№ 993 қаулысымен

бекітілген

 

 

Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Салық кодексі 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және уәкілетті мемлекеттік органдардың салық саясаты саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жетекшілік ететін салалар немесе стратегиялық жоспарлау құжаттарын ескергендегі мәселелер бойынша салықтық жеңілдік беру (ұзарту) қажеттігінің негіздемесін жіберу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.