Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 430 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сай Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мерзімді баспасөз басылымдарында осы бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін және күнтізбелік бес күннің ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.