Транспланттау жөніндегі үйлестіру орталығы туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 664 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 211-бабының 1- тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Транспланттау жөніндегі үйлестіру орталығы туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрілігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде орыс және қазақ тілдерде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрілігінің интернет-ресурсына орналыстаруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.