Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 349 шешімі
(2016.16.09. берілген өзгерістермен)
VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешiмiмен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысының 3 тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Алматы қаласы мәслихатының кейбір шешімдеріне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Алматы қаласы мәслихатының 2016.16.09. № 32 шешімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының «Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1016 болып тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда «Алматы ақшамы» № 153 және «Вечерний Алматы» № 155-156 газеттерінде жарияланған):
аталған шешімнің 1 қосымшасының 1 бөлімнің 1 тармағындағы «тұрғын үйінен» сөзі «баспанасынан» сөзіне ауыстырылсын.