2019-2021 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 21/239 шешімі
(2019.26.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2019 жылғы 11 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2019.27.03. № 24/263 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.27.05. № 26/279 шешімімен (бұр.ред.қара); 2019.26.07. № 27/289 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2019-2021 жылдарға арналған Өмірзақ ауылының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1)кірістер - 308 335 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 104 084 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 137 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 0 теңге;
трансферттер түсімдері бойынша - 204 114 мың теңге;
2)шығындар - 322 967,3 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге, соның ішінде:
қаржы активтерiн сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 14 632,3 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 14 632,3 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 14 632,3 мың теңге.