«Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 235 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.