Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 Қаулысы
(2021.12.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2021.12.04. № 235 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2020.14.10. № 664 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.12.04. № 235 Қаулысымен (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне, «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабына және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2021.12.04. № 235 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу, сондай-ақ жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы өзіне қатысты сот шешімі шығарылған шығарып жіберілетін адамды ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде ұстау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.