Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 Қаулысы
Осы редакция 2020 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 6 сәуірдегі
№ 175 қаулысымен
бекітілген
Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының
шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу
қағидалары
1. Осы Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі 70-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағына кіруге бес жыл мерзімге тыйым салу белгілене отырып, шығарып жіберілетін көшіп келушіні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына (бұдан әрі - Мемлекеттік шекара) дейін шығарып салу арқылы шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу туралы жазаны Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдары орындайды.
3. Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шығарып жіберу бойынша заңды күшіне енген сот үкімін орындау негізгі жаза түрін орындағаннан кейін мәжбүрлеу тәртібімен жүргізіледі.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.