Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 175 Қаулысы
(2020.14.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2021 жылғы 12 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2020.14.10. № 664 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық- атқару кодексінің 70-бабының бірінші бөлігіне және «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.