Тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 442 бұйрығы
(2026.28.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.10.11. № 403 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2023.22.06. № 244 бұйрығымен (2023 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.10.11. № 403 бұйрығымен (2026 ж. 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректер жинауға арналған мынадай нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тиісті жылдың егініне арналған ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының болжамдық құрылымы туралы мәліметтер;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тиісті жылдың егініне арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының себілген тұқымдарының саны және сапасы туралы мәліметтер;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес тиісті жылы егу үшін күздік, жаздық дәнді, дәнді бұршақты, майлы, техникалық дақылдардың, біржылдық және көпжылдық шөптердің және картоптың тұқымдарына деген ауыл шаруашылығы құралымдарының қажеттілігі және олармен қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тиісті жылдың егініне құйылған ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының репродукциялық және сұрыптық құрамы туралы мәліметтер;
5) ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.10.11. № 403 бұйрығымен алып тасталды (2026 ж. 28 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)