«Тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 244 бұйрығы

 «Тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 442 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 244 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Тұқым шаруашылығы саласында әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 442 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14452 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақта:

6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес тиісті жылға арналған ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша тұқымдардың себу сапасын растайтын зерттеулер мен берілген құжаттардың саны туралы мәліметтер;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттық егістерін сынақтан өткізу туралы мәліметтер.»;

көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау және

реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.