Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 304 бұйрығы
(2016.08.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
ҚР Әділет министрінің 2016.08.01. № 7 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;