«Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 22 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 752 қаулысынамынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне оның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша 2014 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарыосы қаулыға қосымшағасәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Үкіметінің
2017 жылғы 27 қаңтардағы
№ 22 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 752 қаулысымен
бекітілген
Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі
жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бойынша
2014 - 2020 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары
Р/с № | Іс-шара атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындау мерзімі | Қаржыландыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Адами капиталды дамыту | |||||