Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 625 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 64-бабына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1090 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жанындағы Жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамы және ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрықтарының кейбір тармақтары және бұйрықтары жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және таратылуға жатады.
| Министрдің міндетін атқарушы |
Р. Скляр |
Инвестициялар және даму
министрінің м.а.
2018 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 625 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің
жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі
сараптамалық кеңестің құрамы
1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі, төраға
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрлері, төраға орынбасарлары
3. Сараптамалық кеңестің Жұмыс органының қызметкері, хатшы
4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің төрағасы