«Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 106/НҚ бұйрығы

Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 106/НҚ бұйрығы

 

«Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу және пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрі

 

 

Б. Мусин

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

2023 жылғы 27 наурыздағы

№ 106/НҚ бұйрықпен

бекітілген

 

 

Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу және пайдалану

 қағидалары

 

1. Осы Жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында жергілікті координаттық есептеу жүйелерін белгілеу және пайдалану тәртібін айқындайды.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.