«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 408 бұйрығы
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің департаменттері, дербес басқармалары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 29 шілдедегі № 477 бұйрығына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 7-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаментіне (С.В. Каверников) жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.