Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 267 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 80-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринария саласындағы жергілікті бюджеттердің күрделі шығындары мен дамытуға арналған шығындарының болжамды көлемдерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.