«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 8 тамыздағы № 78 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21483 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесінде:
1-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Тәуекелі жоғары бақылау және қадағалау субъектілері (объектілері):»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
«9-1) гемодиализ көмегін көрсететін субъектілер (объектілер);»;
2-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: