«Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығы (2025.30.08. берілген өзгерістермен)

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тәуекелі жоғары, орташа және төмен субъектілердің (объектілердің) тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ-144/2020 бұйрығы

(2025.30.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.18.06. № 21 бұйрығымен (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.08.08. № 78 бұйрығымен (2025 ж. 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.18.06. № 21 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 30-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2024.18.06. № 21 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 5 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы бақылауға жататын мәні жоғары, орташа және төмен тәуекел субъектілердің (объектілердің) тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.