Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы
(2019.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 14 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 Қаулысын қараңыз
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Президентінің 2017.16.08. № 532 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалауды өткізу қағидалары мен мерзімі;
3) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4) Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдары;
5) Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары;
6) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбей ауысу тәртібімен орналасу қағидалары;
7) ҚР Президентінің 2018.05.05. № 681 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.