Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 13 мамырда № 18-2/434 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 2 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жануарларды интродукциялау және реинтродукциялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.