Атқару парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 15 қарашадағы № 550 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 241-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған атқару парағының нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау департаментінің директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Соты
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2019 жылғы 15 қарашадағы
№ 550 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
| _________________________________ | _________________________________ |
| Шешім шығарған соттың атауы (мемлекеттік және орыс тілінде) | |
АТҚАРУ ПАРАҒЫ
| ________________________ істің нөмірін қамтитын атқару парағының нөмірі | _______________________ елді мекеннің атауы |
______________________________________________________________________ шешім шығарған соттың атауы және шешім шығарылған күн ______________________________________________________________________ өндіріп алушының (өндіріп алушылардың) деректері, жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________________________ борышкердің (борышкерлердің) деректері, жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), заңды тұлғаның атауы ______________________________________________________________________ орындау мәні, талап қою талаптары
Шешім қабылдады/Анықтады: ___________________________________________
сот шешімінің қарар бөлігі сөзбе-сөз көрсетіледі