Құрылыс обьектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 319 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексі 144-бабының 2 -тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Құрылыс обьектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 319 бұйрығымен
бекітілген
Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін айқындау
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 144-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және күрделі құрылыс объектісін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілерінен ажырату тәртібін айқындайды.