Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 шешімі
(2024.03.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының, 2-тармағы, 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Ақсу қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оныңалғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы | М. Омаргалиев |
Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2024.14.05. № 130/19 шешімімен қағида жаңа редакцияда (2024 ж. 3 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ақсу қалалық мәслихатының
2023 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 71/10 шешіміне 1 қосымша