Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 6 қазандағы № 314 Қаулысы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір нормативтік құқықтық қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы орынбасары Б.Жылқышиевқа жүктелсін.
| Облыс әкімі | Б. Атамқұлов |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 6 қазандағы
№ 314 қаулысына қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбiр күші жойылған нормативтік құқықтық қаулыларының
тiзбесi
1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 09 маусымдағы «Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» № 174 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2726-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 04 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).
2. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 маусымдағы «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы» № 179 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2733-нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 7 тамызда «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланған).